ЭЦҚ мәселесіне қатысты тағы да бірнеше пайдалы кеңестерді Сіздердің назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
 
       1. ЭЦҚ-ны тапсырыс берген компьютерге орнату қажет.
 
       2. ЭЦҚ-ны орнату барысында антивирус бағдарламасын уақытша сөндіру керек, себебі кейбір антивирустар қолтаңба файлдарын вирус деп қабылдайды және жойып жіберуі мүмкін.
 
       3. ЭЦҚ-ны орнатып болғанна кейін антивирусты қайта қосуға болады, бірақ ЭЦҚ файлдарын жойып жіберу қаупі бұрынғыдай жоғары. Сондықтан былай жасаңыз. Сіздің ЭЦҚ-ны құрайтын екі кілтті (ашық және жабық) орнатып болғаннан кейін, оларды сығу (архивирование) рәсімін жасаңыз. Қайсібір антивирус болмасын ол сығылған файлдарға тиіспейді. Осылай Сіз ЭЦҚ-ны жойылып кету қаупінен аман сақтап қаласыз. Әйтпесе, қайта-қайта тапсырыс беріп, Ұлттық куәландыру орталығына жүгіріп жүруге тура келеді :-)
 
       4. ЭЦҚ-ны сақтап қалудың сығудан басқа бірнеше жолдары бар. ЭЦҚ-ға қатысты барлық файлдарды мынадай әр түрлі қорғалған сыртқы тасығыштарға көшіріп, өзіңізбен бірге алып жүруіңізге болады:
       1) флеш-карта;
       2) CD немесе DVD диск;
       3) сыртқы қатты диск;
       4) e-token және т.б.
       Сонымен бірге, ЭЦҚ-ның сығылған нұсқасын Интернет жүйесіндегі кез-келген, мүмкіндігінше, уақыт өте келе файлдарды жойып жібермейтін файлалмастырушыларға (файлообменники) енгізген дұрыс. Ал, құпия кодты өзіңізбен бірге ұялы телефонда не басқа да жолмен сақтап қоюыңызға болады.
       ЭЦҚ-ны сақтаудың тағы бір амалы - өзіңіздің электронды поштаңызға кіріп, біреуге не өзіңізге ЭЦҚ-ның сығылған нұсқасын жіберсеңіз болды. Келесі жолы поштаға кіріп, жіберілген хаттар ішінен өзіңіздің ЭЦҚ-ды көшіріп алуыңызға болады.
       Есіңізді болсын! Оны басқа пайдаланушылардан құпияда сақтау қажет.