Порталдың мақсаты - «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тұжырымдамасын іске асыру механизмі болып табылады.
Портал 2005 – 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының «Электрондық үкімет» бағдарламасын қалыптастыру шеңберінде жүзеге асырылған «электрондық үкімет» веб-порталы халықққа көрсетілетін қызметтердің уақытын қысқартуға және сапасын арттыруға бағытталған.
Порталдың міндеттері.
1. Ақпараттық кезең (2005-2006 жылдар). Бірінші кезең аясында 2006 жылдың аяғына дейін Порталда барлық мемлекеттік органдардың ақпараттық қызметтері жарияланды.
2. Интерактивтік кезең (2006-2007 жылдар). Екінші кезең аясында мемлекеттік органдардың азаматтарға интерактивтік қызмет көрсетуі үшін пайдаланушыларды авторизациялау және сәйкестендіру механизмі жүзеге асырылды. Мемлекеттік деректер қорын біріктіру жүргізіліп, азаматтардың өтініштерін қабылдау сервисі жүзеге асырылды және Порталдың мобилді нұсқасы қолданысқа енгізілді.
3. Транзакциялық кезең (2008 -2010 жылдар). Үшінші кезеңнің міндеті - банктік ақпараттық жүйелер және төлем шлюзін біріктіру есебінен Портал арқылы азаматтардың төлемдерін қаржылық транзакциямен жүзеге асыру мүмкіндігі туды.
Порталды жетілдіру шеңберінде оның дизайны жаңартылып, онда үлкен ақпарат массиві орналастырылды. Контенттің ақпараттық көлемі кеңейді.
Қазір Порталда 1503 ақпараттық қызмет көрсетіледі. Негізгі екпін 2007 жылы шілдедегі ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтерге жасалған.
Мемлекеттік қызметтер Порталда сызба бойынша таныстырылған: Мемлекеттік қызметтер процедурасын сипаттау; Заңнамалық база; Байланыс ақпараты.
Әрбір қызметке әкімшілік уақыт тәртібі берілген, онда кім жауапты және қандай мерзімде орындау қажеттілігі туралы қатаң талаптар көрсетілген. Барлық уақыт тәртібі – типтік, қарапайым тілмен жазылған. Уақыт тәртібі толық анықтамалар тізімінен тұрады. Онда қажетті өтініш шаблондары көрсетілген.
Сонымен қатар, Сіз Портал арқылы электрондық қызметтерге қол жеткізе аласыз, ол үшін Порталда тіркеліп, «азаматтардың электрондық өтініштері» дербес сервисін пайдалана аласыз: электрондық поштаның сервистері, байланыс деректері, күнтізбелік жоспар, виртуалдық қабылдау.
Виртуалдық қабылдау сервисі азаматтардың мемлекеттік органдарға өтініштерін қабылдауға арналған. Бұл сервис электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын талап етеді, ол әрбір қалаған азаматқа беріледі. Электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану аталмыш сұраудың тұтастығы мен авторлығына кепілдік береді. Азаматтарға инстанциялар бойынша өту жолын, сұрау мәртебесі және соңғы нәтижесін қадағалау мүмкіндігі берілген.
Жуық арада порталда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қаржы министрлігінің салық комитетінің, Әділет министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Бас прокуратураның электрондық қызметтері жарияланады.