ЭЦҚ арқылы Сіз мемлекет тарапынан көрсетілетін көптеген қызмет түрлерін үйде отырып-ақ онлайн режимде ала аласыз. Ондай қызмет түрлерінің тізімі уақыт өткен сайын ұлғая беретін болады. Ал, қазір қол жетімді қызмет түрлерінің тізімі мынадай:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті):
1) Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
2) Заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті тіркеу туралы анықтама беру;
3) Заңды тұлға филалдарының немесе өкілдіктерінің саны туралы анықтама беру;
4) Басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
5) Жеке тұлғаға жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары туралы анықтама беру;
6) Жеке тұлғада жылжымайтын мүліктің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама беру;
7) Жеке тұлғада жылжымайтын мүліктің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама беру (тарих);
8) Туу туралы анықтама беру (2007 ж.13.08.бастап);
9) Некеге тұру туралы анықтама беру (2008 ж. 01.06. бастап);
10) Некені бұзу туралы анықтама беру (2008 ж. 01.06. бастап);
11) Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы анықтама беру (2008 ж.14.04. бастап);
12) Некеге тұру туралы қайталама куәлікке өтініш беру (2008 ж.01.06. бастап);
13) Әкелікті анықтау туралы қайталама куәлікке өтініш беру (2008 ж.14.04.бастап);
14) Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы қайталама куәлікке өтініш беру (2008 ж. 14.04.бастап);
15) Ұл бала/қыз бала асырап алу туралы қайталама куәлікке өтініш беру (2008 ж. 14.04.бастап);
16) Некені бұзу туралы қайталама куәлікке өтініш беру (2008 ж.01.06. бастап);
17) Туу туралы қайталама куәлікке өтініш беру (2007 ж. 13.08.бастап).
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі:
1) Жеке тұлғаға жер учаскесінің бар (жоқ) екендігі туралы ақпараттық анықтама беру;
2) Жеке тұлғаның жер учаскесіне жеке меншік құқына актісінің бар екендігі туралы ақпараттық анықтама алуы;
3) Жеке тұлғаның уақытша ақылы (ақысыз) (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқына актісінің барлығы туралы ақпараттық анықтама алуы.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (Салық комитеті):
1) Қазақстан Республикасы бойынша міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, салықтар бойынша салық төлеушінің салық берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру;
2) Жеке тұлға үшін қарап шығуға және өзгертуге тіркеу мәліметтеріне дербес рұқсат беру;
3) Жеке тұлғаның тіркеу мәліметтерін өзгерту;
4) Салық міндеттемелерін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу жағдайын қарап шығу жеке тұлғалардың - салық төлеушлердің дербес шоттарына жеке қол жеткізуге, дербес шотынан көшірме беру;
5) Салық төлеушіні кеңейтілген іздеу.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық):
1) Салымшы қаржысының түсуі және қозғалысы туралы ақпаратты беру;
2) Әлеуметтік жеке кодты беру туралы куәлікті алу;
3) Әлеуметтік жеке кодты беру туралы куәліктің телнұсқасын алу;
4) Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу;
5) Мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу;
6) Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу;
7) Мүгедектікті растау туралы ақпарат алу;
8) Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) турал ақпарат алу;
9) Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу;
10) Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу;
11) Бала тууға және бала бір жасқа толғанға дейін оны күтуге жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу;
12) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан базалық зейнетақы төлемі есебімен зейнетақы төлемдеріні тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпарат алу.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) Жеке тұлғаға ауыл шаруашылығы техникасы ауыртпалығының бар болуы/жоқ болуы туралы анықтаманы беру.
Жоғарыда айтып өттік, халыққа көрсетілетін электрондық қызмет түрлерінің тізімі бірте-бірте толықтырылатын болады. Ол жөнінде оқырмандарды уақытылы хабардар етіп, сайттағы мәліметтерді жаңартып отыратын боламыз.
Сонымен қатар, порталда азаматтардың электрондық өтініштеріне арнайы бөлім бар. Порталға кірушілер осы сервисті пайдалану арқылы тікелей мемлекеттік орган басшыларына қаралып, мемлекеттік органның қатысуын талап ететін мәселелерді интернет арқылы жедел түрде күніне 24 сағат және аптасына 7 күн қатарынан мемлекеттік орган басшысына жібере алады. Одан басқа азаматтар түрлі құрылымдардың жұмысы жөніндегі және мемлекеттік қызметті көрсету орындары мен тәсілдері туралы ақпаратты алып, қажетті мәселелері бойынша заңды және нормативті құқытық актілермен танысуға, сонымен қатар, түрлі квитанциялардың, арыздардың, төлеу түбіртектерінің нұсқалары мен үлгілерін көшіріп алуға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар порталда жол қозғалысы ережелерін бұзғандығы үшін айыппұлдарды да төлеуге болады.
Порталдан басқа ЭЦҚ-ны басқа да ақпараттық жүйелерде пайдалануға болады:
1. Жеке электронды пошта арқылы жіберілетін құжаттарға қол қою;
2. «Қаржы есептілігі депозитариі» ақпараттық жүйесі;
3. «Е-лицензиялау» жүйесі;
4. «Қазына-клиент» ақпараттық жүйесі;
5. «Электронды статистикалық есептілік» ақпараттық жүйесі;
6. «Мемлекеттік сатып алулар» ақпараттық жүйесі.