Егер заңға жүгінетін болсақ, онда "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы былай дейді: "Электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық нышандар терiмi".
Ал, егер жалпақ тілмен айтатын болсақ, ЭЦҚ – ол біздің күнделікті қағаз тасығышқа қойып жүрген қолтаңбамыздың электронды нұсқасы. ЭЦҚ-ның қағаз түріндегідей заңды күші бар. Яғни, қағазға қойған қолыңыз бен электрондық цифрлық қолтаңбаңыздың заңды күші бірдей деген сөз.
Елімізде жеке және заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ құралдарын дайындау және берумен, сондай-ақ электрондық қызметтерді жылжыту жұмыстарымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығы" АҚ айналысады.
Орталықтың ресми веб-сайты - http://www.pki.gov.kz/.
Тел: 8-800-080-7777.
E-mail: support@pki.gov.kz.
Пошталық мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, Cерверлік орталық, кіріс 16 B.